Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  •           
                                                                                        

        🟢"Жамбыл облысы әкімдігінің   білім басқармасы  Шу ауданының білім бөлімінің "Кенен Әзірбаев  атындағы орта мектебі" КММ-не 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау  2024 жылдың 1 сәуірінен басталып, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетінін ескертеміз.
        🔴2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
         ✅Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
        ✅Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
        🗃️Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: .° Ата-ананың өтініші;  ° Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;  ° Баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.  ° «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.
        🖥️Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
        🏫Мектептің мекен жайы:Оразалы ауылы, І.Жансугуров көшесі 1 А тел: 8 7074909468




    Ескерту
          Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Кенен Азірбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
    Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Кенен Азірбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
        ✅ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.
        ✅ Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін, білім беру ұйымы қабарғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
        ✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
        ✅ Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.
       ✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;
        ✅ Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;
        ✅ Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;
        ✅ Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.
    Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!




    Мектеп формасы

     

                            Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

     

         Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.
         Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.    
       Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді. Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.    
        -Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады. Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады, – деп атап өтті ведомство.
       Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды.  
      -Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13- тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
                                                                                                     

     
     

    Содержимое страницы

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки